От неудачника до богатейшего человека Азии — биография основателя Alibaba Group Джека Ма Статьи редакции

Здесь, Вы можете скачать урок презентацию на тему Мұқағали Мақатаев. Красочные слайды и иллюстрации помогут Вам заинтересовать слушателей и сделать ваше выступление более информативным. Доклад-презентация на заданную тему содержит 3 слайдов. Презентация создана в программе PowerPoint. Материал будет полезен как для учителей и преподавателей, так и для учащихся любой возрастной категории. Не забывайте поделиться найденным докладом или презентацией с помощью социальных кнопок.

  • Имя файла презентации: m-a-ali-ma-ataev .ppt
  • Тип файла презентации: ppt
  • Скачали: 1

Похожие презентации –> Посмотреть ещё раз

СЕЗІМ САЯСЫМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ТЕҢІЗДІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ТАМШЫДАЙ

С.М. Исматова, Ә. Ж. Шағатаева

Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр. Лирика – белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен уақыт перзентінің көңіл-күйі , жан тебірінісі. Оның бойындағы барша қасиет – қадірді нақты мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. Ендеше біздегі лирика – замандасымыздың рухани өмірінің, сезім әлемінің, ой дүниесінің көрікті сурет екені даусыз. Лирикадағы басты образ – лирикалық қаһарман. Бұл образдың түп негізі — ақынның өзі болғанмен лирикалық кейіпкер – жинақталған, дараланған, яғни толық мағынадағы әдеби бейне санатына көтерілген, ақынның ғана емес, оның замандастары атынан сөйлеу хақына ие болған тұлға, яғни ақын мен оқырман, өлең мен оқырман проблемасына белгілі дәрежеде, сол лирикалық қаһарман мен оқырман арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қараймыз.

Әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақын білсе, ақын тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды. Өмір картинкасын, адам образын жасамайды. Тиіс – сан сөздің жиынтығы, ал сөздердің ішінде терең ой, сұлу сын, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді көркем суреттейді.

Ақын өзінің шығармаларында көркем образ жасауда сөзбен сурет салуды өзіне тән өзгеше мәнер, машық танытып, көрікті құралдарын өте шебер қолданады.

Мұқағали құбылтулары мен айшықтауларында қолдана – қолдана әбден жауыр болған көріктеу құралдары жоқ, ақын мен өзінше ізденіп, бейнелі сөздерді жаңарта, жаңғырта қолданады. Ақынның қиыннан қиыс тараған объектіні өмір құбылыстарын ықшамды, бейнені әрі нақты затты көрсетеді.

Қай өлеңін алып қарайық, олардың әрқайсысында троп атаулының құбылып, құлпырып, олардың жылы лебімен, терең әсері өзара өріліп, өзгеше өнеге алған, үйлесім тапқан Абай айтқандай «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақ тың суындай» айрықша гармонияға көшіп отырады. М.Мақатаев туған халқының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерінен мол сусындаған, өзгеше өнеге алған, оның өлеңдері халықтық ұлттық сипаты да айқын, дәстүрге өз жаңалығын қосып, сөз өнерін біршама байыта білген.

М.Мақатаев поэзиясында өмір құбылыстарын көз алдына қаз – қалпында еш қоспасыз түрлі әдістерді қолдана отырып, көркем суреттейді.

11 стр., 5258 слов

Любовь в поэзии Анны Ахматовой

… ее смерти, творчество поэтессы стало своеобразным памятником огромному количеству судеб, покалеченных кровавым режимом. Сочинение «Лирика Ахматовой» Стихи Ахматовой из ее … ветер, но и шквал революции прошел мимо поэзии Ахматовой, только краем, может быть, задев листки ее … форм произведений Ахматовой. Анна Ахматова — тонкий мастер лирической миниатюры — в 8 или 2 строк, которая по своей композиции …

Өмір құбылысын суреттеуде эпитет, теңеуді ақын өлеңдерінде өте шебер қолдана біліп, көркем шығуына септігін тигізген, өлеңдерінде өте жиі қолданған. Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшелендіріп, белгілерін анық көз алдыңа елес арқылы түрлі қозғалысқа ендіріп, адамның ой – қиялына, сезіміне әсер етіп, ақылымен бірге сенде құбылып, өзгеріп, өсіп, қуанып, қайғырып отырасың. Мысалы:

Ақ қайыңдар, тал теректер… алтын сары сырғалар,

Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.

Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?

Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?

/Тағы да күз/

Тәкаппар таулар жатқан жан – жағында,

Барып қайт салқын жайлау, малды айылға.

/Бұзылған үй/

Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында, барып қайт салқын жайлау, малды ауылға.

Бұзылған үй.

Эпитетті қолданғанда ақын жай қолдана салмаған. Белгілі мақсатпен қолданады. Ақынның қолданған эпитеттері, суреттеген нәрсесіне өзінің қатынасын көрсетіп тұр. Келтірілген мысалдағы ақынның қолданылып отырған эпитеттері, олардың табиғатпен байланысын көрсетеді. «Ақ жайық», «Жасыл алқап, жасыл орман», «Жасыл маң», «Тәкаппар тау» ойланбай алына салған нәрсе емес.

Табиғатты қайта жасаушы, табиғаттың адам өмірімен тығыз байланысты жасырмас бөлігі екендігін, уақыттың өзі табиғат құбылуларымен, құбылыстарымен өлшеулі, шекті екенін көрсетіп отыр. Тәкаппар мен салқын қандылық адам мінезіне тән ерекшеліктер, ақын оны жаңаша табиғаттың ерекшелігіне суреттеу арқылы, табиғатты басқа қырынан көрсеткендей, жаңаша қырын ашқандай соны леп еседі.

Келесі өлеңдерінде:

Арым міне, сүттей аппақ алдымен көп жылап тұр,

Жаутаңдаған жанарыңда жалғыз ғана сұрақ тұр.

/Міне, тағы ашу келіп, алқымына тығылды/

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,

Алынбаған ақым бар, сенде менің.

Қайрат құмдар – бұйығып шөлдегенім,

Бура бұлттар – бусанып терлегенім.

/Кең дүние төсіңді аш мен келемін/

бұл үзінділердегі «жаутаңдаған жанар», «кең дүние, бұйрат құмдар, бура бұлттар» эпитет, адамға берер әсері алдыңғы өлеңдерден өзге. Өйткені, ақын мұнда алдыңғы үзіндіде адамдық арының таза екендігін дәлелдейді. Жаутаңдаған жанардан сұрақтың тұрғанын, күмән келтірудің ізі тұрғандығын эпитет арқылы әсерлі етіп көрсетті.

Кең дүние – тұрақты эпитет, ал әдебиетте бұйра сөзін жаңаша «т» дауыссызды қосу арқылы қолданған, түйенің бурасы болушы еді, бұл жерде сол бурадай, үлкен деген мағынада жаңаша мағына білдіріп, жаңа тіркес өніп тұр.

Ақын өлеңдерінде бір құбылысты, нәрсені суреттеу барысында, өзгеше белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып суреттеуде теңеуді өте ұтымды қолданған.

Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,

Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған

Күлкің қайда күмістей сыңғырлаған?

Жүзің неге ымырттай тұнжыраған?

/Қайран жеңгем/

Келтірілген өлеңдердің үзінділері арқылы екі нәрсенің кеңейтіп нәрсемен теңелетін нәрсенің сыртқы ұқсастығы болғандықтан теңелгені көрінеді.

Тек сыртқы жағы емес, оның түпкі қызығы ақынның көздеген мақсатымен байланысты болып тұрғандай.

2 стр., 695 слов

Сочинение аза станны таби аты

… документа «?аза?стан таби?аты » Желтоқсанның жиырма екісі Сынып жұмысы Қазақстан табиғаты Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты м … екі түрге бөлінеді: 1. Жалпы есім: мектеп, табиғат, орман, т.б. 2. Жалқы есім: Астана, Қазақстан, Арман, т.б . Оқулықпен жұ … тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазыңдар. Қазақстанда жалпы 48 262 көл бар. Қазақстан аумағ…на көлдер біркелкі таралмаған. …

Ақын бұл жерде «қанат» сөзіне – дай жұрнағын қосу арқылы теңеуді білдіріп тұр, қас кірпігін қарлығаштың қанатындай, — деп қаралығын, түсін білдіріп тұр.

«Күмістей, ымырттай» күмістің сыңғырындай ерекше үнге теңесе, күннің батуы, сәл қараңғылық басуы көңіл-күйінің болмайтынын айтып тұр.

Сонымен қатар ақын басқа да өлеңдерінде теңеудің соны түрлерін, жаңа сөз тіркестерін енгізді. Мысалы:

Бұл ғасыр – менің жүрек сағатымдай,

Тамырым бірге онымен соғатындай,

Амалсыз, абайсызда қалғып кетсем,

Ғасырым бірге ұйықтап қалатындай.

/Менің ғасырым/

Кез-келген ақын өз ғасырын, әлеуметтік жағдайын суреттесе, мұғалім өз ғасырын суреттейді, өзімен бірге тыныс алып, өмір сүруде, сырғуда, жылжуда. Ақынның жүрек сағатындай онымен бірге соғатындай, егер ақын ұйықтаса онымен бірге ұйықтап қалатындай

Ақынның келесі тек өлеңдеріндегі «Құлын-тайдай тең өскен құрбыларынан», «Жүрегім жүйкем бар тұлғам

Бір күнде сымдай тартылған»

/Жүрегім жүйкем бар тұлғам/

Өзеніне асыққан бұлақтайын,

Енесіне жүгірген лақтайын,

Жайқалайын жаныңа құрақтайын,

Енді мен де саған кеп тұрақтайын.

Асқар тауға соғылған дауылдайын,

Ақтарылған аспаннан жауындайын,

Дамылдайын, саған кеп дамылдайын,

Ауа бермей аулаққа сағымдайын.

/ Өзеніне асыққан бұлақтайын/

Алдыңғы өлеңдер – дай жұрнағы арқылы теңеу әдісін қолданса, ал, кейінгі үзінділерде ақын – тайын, дайын жұрнақтары арқылы теңеу тәсілін өте ұтымды пайдаланған.

Сол сияқты ақын өлеңнің соңында, басында, ортасында қолдансын нәзік сезімнің сырын көркем өре түседі. Ақынның зат есімнің етістіктің соңынан жалғау арқылы ашпақ ойын дәл жеткізеді. Мысалы:

«Тағыдай тауда өскен тарлан едім», «Кезбе бұлттай кей ойлар көгімдей», «Қорғасындай бір салмақ қорғасындай кетер емес денемнен», «Осындағы тағыдай, бұлттай, қорғасындай сөздері теңеу болып тұр».

Тәсілдердің қай-қайсысы болсын орнымен, өте шебер қолдана білген.

Айталық, айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Мұғалім өз өлеңдерінде бұрын-соңды қолданылып, ығыр болған эпитеттерді қайталамай, өзіндік ерекшелікпен жаңа пішінді, соны мағыналы эпитеттерді қолданған, тудырған. Мысалы:

Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында,

Барып қайт салқын жайлау, малды ауылға

/Бұзылған үй/

Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,

Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.

/Арым, міне, сүттей аппақ/

Қап-қара түнді көрдім де,

Жап-жарық таңға кездестім.

/Қап-қара түн/

Ақ қайыңдар, тал теректер… алтын сары сырғалар,

Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.

Қайда кеткен жамыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?

Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?

/Тағы да күз/

Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,

Ақ бас таулар – самайын ақ басқандар.

Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,

Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар

/Нені аңсаймын/

Қоңыраулатқан аспанды,

Найзағай шаншып өткенде.

/Есіңе мені алғайсың/

Талас жоқ бұл эпитеттер өлеңдерге тың ажар беріп тұр. Осы өлеңдердегі «Тәкаппар таулар», салқын жайлау «қандай әсерлі?, өлеңге айқын мағына бітірген, сөздегі суретті дәлдеп, ойдың ықпалын күшейткен. Біз биік тау, аласа тау немесе жасыл жайлауды білуші едік, мұндағы ақынның қолданған тіркесі өте әсерлі шыққан.

26 стр., 12602 слов

Политические системы Великобритании

… парламенте, что содействует политической консолидации общества. Это положение, собственно, и легло в основу методологии анализа бипартийной системы Великобритании. В истории развития партийной системы Великобритании можно выделить три … к количественному росту электората, который требовал от партий ориентации не на элиту, а на широкие массы избирателей. В то же время архаичный избирательный закон, …

Жаутаңдаған жанар, жасыл алқап, жасыл оран, жақұт гүл, паң дала, ақ бас таулар және т.б. әрқайсысы ақынның асқақ жыры. Су жаңа нұсқалылықты эпитет көлегейлеп көрсетпей тұрған жоқ, қайта айқындап, аша түсіп тұр, тіпті әр эпитет өзі тұрған жерге не сұлу сипат, не соны сыр дарытқан. Оқырманның көз алдында терең мағына бітіріп, бір шумаққа бір құшақ мазмұн берген.

Ақындар поэзияда өз ойының әсемдігі үшін емес, әсерлілігі үшін құбылту тәсілін яғни троп түрлерін қолданады. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрама мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті керделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Әдеби тілдің құдылыстаудың, ажарлаудың алғашқы, ең қарапайым түрі.

Мұғалім өлеңдерінде суретші қолындағы бояу секілді, шіні тауып оның құбылта білген. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытуға, сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байыта түсіп, оны түрлеңдеп құбылту арқылы тіршіліктің сан-алуан сырын тануға септігін тигізеді.

Құдылтудың түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың бірі – ауыстыру, яғни метафора. Ақын өлеңдерінің мәні өңдерінде өзгертіп айтып суреттеп отырған затты не құбылысты айқындап, ажарлы, көрікті, әсерлі шығу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа былай отырып, суреттеп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдету арқылы әсерін күшейте қолданған.

Мақатаев поэзиясы атан түйенінің жүйесі көтерген бір ғана тақырып төңірегіне тоқтасқан. Ол адам мен заман, туған халқының тағдыры мен тарихы зерделей зерттеп, тереңнен толғап жазуға өлеңін де өзін де қатар бағыштаған ақиық ақынның туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау жолында өз жыр күмбезін — өмірлік ескерткішін өз қолынан орнатып кеткен ұлы перзентіміз, ұлы ақынымыз екені уақыт сынынан өткен тарихи шындық. Халқының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен боздақтардың кесек тұлғалы образдарын өрнектей отырып, ақын Райымбек сынды халық барының ел алдындағы азаматтық борышын адал арындауының ұлтымыз үшін қаншалықты мәртебе екенін еске салады. Сөйтіп, ерлік дастанында елдің нағыз халықтың мақтанышы марапатталып, оның жас ұрпақтың өмірінде жалғасын табуын діттеген арман – тілегін айдай әлемге айғақтап тұр. Бір сөзбен тұжырымдар болсақ, аталмыш поэма – дәуірлік шығарма. Мақатаев жоңғар шапқыншылығы жөніндегі шығармасында қазақ қауымын осы тарихи шайқас – қилы кезеңнің жаңа қырын ашты.

Мұқағали Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.

Туған халқының арман – мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанның жыршысы болған ақиық ақынның екінші өмір мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр.

Өлмес өнері — өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық. Енді ел-жұрты ақынның алдындағы борышын өтеуде.

Қазақ халқының бір ғана Абай болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын жүректен түсінсек қана тарлан талан, жыр жампозы Мұқағалиды ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз.

5 стр., 2119 слов

Габиден Мустафин

… ызу жылдарында ?аламгер, ?зі айт?андай, к?ресші ?нерді? шебінде болды. Оны? к?з алдында жалынды а?ын С?кенні?. C?бит пен … ие бол?аны – «Шы?ана?» романы. ?мірді? талай бел-белесін басынан … Б?л ?мірден алын?ан шынды? еді. Таби?атында момын, ?а?-cо?пен … кітапты? ?уанышы басылмай жатып, ?мірді тере? зерттеу ?ажеттігін т?сінген ?аламгер … м?дде-ма?сатыны? орындалуына аянбай ат салысты – азаматты? т??ырдан …

<!—[if !supportLists]—>1. Шыққан «Мұқағали» атты естеліктер кітабы жайлы /Ег.Қаз. 1996-9 ақпан/<!—[endif]—>

  • <!—[if !supportLists]—>2. Қаулынбайұлы Т. «Болашаққа аттанған жырлар» /М.М. өлеңдеріндегі имандылық иірімдері/ Қазақ елі – 1998-6 наурыз<!—[endif]—>
  • <!—[if !supportLists]—>3. М.Мақатаев «Әйелдер-ай» өлең Қаз мұғалімі 1998-2 наурыз<!—[endif]—>
  • <!—[if !supportLists]—>4. М.Мақатаев «Әйелдер-ай» өлең Қазақ елі 1998-6 наурыз<!—[endif]—>
  • <!—[if !supportLists]—>5. М.Мақатаев «Ажал алдында тұрғандаймын» Ақиық ақын Мақатаевтың 1874 жылы ҚКОП Оп.Ком 1 – хатшысы Д.А.Қонаевқа жазған хаты. Егемен Қазақстан 1998 -30 қаңтар, 1795, 1931 – 37<!—[endif]—>
  • <!—[if !supportLists]—>6. М.Мақатаев «Кешірген қала» Жас Алаш 1998-10 ақпан<!—[endif]—>
  • <!—[if !supportLists]—>7. Асылбекова А. «Өмір дегенің – бір күндік сәуле екен ғой және Мұқағалиды еске түсіру» Егемен Қазақстан, 1998-7 ақпан<!—[endif]—>
  • <!—[if !supportLists]—>8. Сүгіров С. «Хан тәңірдей асқақ туған піріміз немесе ақын рухымен сырласу» Алматы ақшамы, 1998-4 ақпан<!—[endif]—>

Jump to navigation Jump to search

Мұқағали Мақатаев
Туған күні

9 ақпан 1931 (1931-02-09)

Туған жері

Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылы

Қайтыс болған күні

27 наурыз 1976 (1976-03-27) (45 жас)

Қайтыс болған жері

Алма-Ата, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы

image Қазақ КСР

Ұлты

қазақ

Мансабы

ақын, жазушы, аудармашы

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз – 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Өмірбаяны

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Албан тайпасы Алжан руынан шыққан. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты – Мұхаммедқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады(“Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?”). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.[2]

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.[3]

  • 1948 – 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
  • 1948 – оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
  • 1949 – көктемде жары Лашынмен отау құрады;
  • 1949 – “Советтік шекара” газеті ақынның “Қырман басында”, “Қойшы бала – Әкітай” деген өлеңдірін жариялады;
  • 1950 – Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
  • 1954 – Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі “Әдебиет және искусство” журналында жарияланды;
  • 1957 – Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
  • 1960-62 – “Советтік шекара” газетінің бөлім меңгерушісі;
  • 1963-1965 – “Мәдениет және тұрмыс” журналында жұмыс істейді;

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.

Поэзиядағы алғашқы қадамдары

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

Шығармалары мен аудармалары

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты

Поэмалары

Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Моцарт. Жан азасы” реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Бесік жыры” аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім… Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. Мұқағалидің медитативті лирикасындағы лирик. Мен — өзін-өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі пәлсапашыл Мен. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. “Өмірдастан” атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидің шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Имандылық,ислам діні турасында “Я, Жаратушы Аллам”, “Сатқан емен”, “Дін-ғылымның анасы”, “Я, Алла”, “Бүкіл дүние мұсылмандарына хат”, “Адам қайдан жаралған”, “Жүрек арызы”, “Күн батты, міне, кеш кірді”, “Не керек, осы, адамға”, т.б. өлеңдер жазды. “Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен”, “Мұхаммедтің үмбеті-мұсылманмын”, “Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкенмін. Періштенің қайғысын бөліспедім, Сайтанменен болса да келіспедім” секілді жыр жолдарында адам табиғатына сай тартыс, пенденің жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрініс тапқан. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөреңді бер, ұайыптан кел де, мені демеп жібер”. Мұқағали адам жанының диалектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейді (“Жапырақ жүрек-жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін “адам жанының инженері болып қалу” дегенді ұстанды (Күнделік, 10.2.1976). Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. “Бүкіл менің жазғаным — бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма” дейді ақын. Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош, махаббат” жинағына (1988) әр жылдары жазылған “Құлпытас”, “Марусяның тауы”, “Өзгермепті”, “Әже”, әңгімелері, “Қос қарлығаш”, “Жыл құстары” повестері мен “Қош, махаббат” пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. “Рух және сезім” , “Сезім найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы“ атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.[4]

Өлең үзіндісі

Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:

«…Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын,деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын. Поэзия! Менімен егіз бе едің Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім. Сені іздедім кездескен адамдардан, Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан. Шырақтардан, оттардан, жалаулардан Сені іздедім жоғалған замандардан… … Сені іздедім. Ӏздеймін тағат бар ма? Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»

Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз… Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.

Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді

Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.

Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К.Сейтова “Мұқағалидың ақындық мұрасы” (1991), К.Хамидуллаев “Мұқағалидың ақындық шеберлігі” (1993), тіл білімінде З.Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”(1999)], шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А.Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев, Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов, т.б. сазгерлер ән жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды.

1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық). 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтпек. Осы мерекеге орай “Ақын, туған күнінмен!” деген Асқаров Алимжан өлең арнаған.[5][6]

Дереккөздер

  1. «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет, http://alashainasy.kz/interested/26110/
  2. a b “Аңыз адам” журналы, №3, 15 ақпан 2011
  3. Алмабеков Т. Албан ата энциклопедиялық шежіре. // [1] — Алматы, 2003. — 1352 б. — ISBN 9965-00-838-8.
  4. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  5. Тарихи тұлғалар. Танымдық – көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
  6. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Сыртқы сілтемелер

Скачать презентацию Ма атаев М а али (М амет али)

mұқaғali.ppt

  • Размер: 4.5 Мб
  • Автор:
  • Количество слайдов: 14

Описание презентации Ма атаев М а али (М амет али) по слайдам

Ма атаев М а али (М амет али) С леймен лы (1931 жыл ы, қ ұқ ғ ұқ қ ү ұ ғ Алматы облысы Райымбек ауданы арасаз аулы – 27. 3. 1976 ж. Алматы аласы)–а ын. Қ қ қ Балалы ша ы с рапыл со ыс жылдарына т стас келді. Ол XX асырды екінші қ ғ ұ ғ ң жартысында ы аза поэзиясыны дамуына лкен лес ос ан а иы а ыны. ғ қ қ ң ү ү қ қ қ кесі со ыста аза тауып, анасы мен жесіні т рбиесінде сті. 1948 -1949 жылдары Ә ғ қ ә ң ә ө аз. МУ-ды филология факультетінде о ы ан. К. Маркс атында ы ке шарда ( азіргі «Текес» ) Қ ң қ ғ ғ ң қ ауылды ке ес хатшысы, мектепке м алім болды. 1952 -1962 жылдары арасазда ы қ ң ұғ Қ ғ бастауыш мектепте орыс тіліні м алімі, аза радиосында диктор, Шалк де ауылында ң ұғ Қ қ ө ызыл отау ме герушісі, Нарын ол ауданында «Советтік шекара» газетіні ( азіргі «Хан-т ірі» , Қ ң қ әң жауапты хатшысы, «Социалистік аза стан» ( азіргі «Егемен аза стан» ) газетінде, «М дениет Қ қ қ Қ қ ә ж не т рмыс» ( азіргі «Парасат» ), «Ж лдыз» журналдарында деби ызметкер. ә ұ қ ұ ә қ Жазушылар ода ында поэзия б ліміні ке есшісі ызметтерін ат арды. 1970 жылы Жазушылар ғ ө ң ң қ қ ода ына м шелікке абылданып, 1973 -1974 жылы М скеудегі дебиет ж не нер институтында о ыды. ғ ү қ ә Ә ә ө қ А ынны т ыш ле дері « ырман басында» , « ойшы бала — кітай» аудармасы «Советтік шекара» қ ң ұңғ ө ң Қ Қ Ә газетінде жарияланды (1949 ж). «Інімні ойы» , «Шебер» ле дері «Жасты жыры» атты жина а енді ң ө ң қ ққ (1951 ж). М а али шы армалары о ушыны ж регіне с уле т сіреді. йткені а ын ту ан жерін, ұқ ғ ғ қ ң ү ә ү Ө қ ғ ту ан хал ын, ана тілін жанындай с йді. Оны кез келген шы армаларынан жерді , елді биік рухы сезіледі. ғ қ ү ң ғ ң ң Ал аш М а али талантын ба ала ан . Т жібаев: « зі нен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, ғ ұқ ғ ғ ғ Ә ә Ө ң ма танбас а бола ма? !» -деген еді ( « аза дебиеті» , 18. 3. 1960 ж. ). Ма атаевты «Ильич» , «А айы ні» , қ қ Қ қ ә қ ң қ қ ң ә «Ару-ана» , «Мавр» , «А улар йы та анда» , « ырандастар» , Чили-шуа ым мені » , «Шекарада» , ққ ұ қ ғ Қ ғ ң «Большевиктер» , « мірдастан» , «Арман» , «Шолпан» , «Досыма хат» , «Отаным, са ан айтам» , Ө ғ «Райымбек!» , « аш ын» , «Моцарт. Жан азасы» атты поэма-тол аулары бар. 650 -ден Қ қ ғ астам лирик. ле дерінде адам міріні м ні, семдік пен с лулы , тазалы , ерлік, елдік, ту ан жер ө ң ә ә ұ қ қ ғ турасында тере тол а ан. А ын міріні со ы кезе інде жаз ан «Моцарт. Жан азасы» реквиемі ң ғ ғ қ ө ң ңғ ң ғ п лсапалы мазм ны, психологиялы тіні згеше туынды. «Табыт ні» , «Халы ні» , «Жесірлер ні» , ә қ ұ қ ө ү қ ү ү «Бесік жыры» аталатын 4 б лімді туындыны рбір б лімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде ө ң ә ө Жер-Бесік атынан мір мен лім туралы философиялы пайымдаулар айтыл ан. А ын Моцарт Ө ө қ ғ қ та дырын тілге тиек ете отырып, мір туралы з жаныны оптимистік рухын, рбір адамны жан ғ ө ө ң ә ң т кпіріндегі арман- нін жеткізеді. А ын ай та ырыпта жазса да жал ан сезім, жылтыра с зге уес ү ә қ қ қ ғ қ ө ә болмады. , ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен м дасамын. К гендеп ұң ө жыр оса ын. Келмейді жыр жаса ым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім. . . қ ғ ғ згені жаны-сырын у шін. зімді зерттегенді ж н к ремін» -дейді. М а али шы армашылы ыны Ө ң ұғ ү Ө ө ө ұқ ғ ғ ғ ң тіні « зін- зі» зерттеуден т рады. М а али поэзия діретін адамды асыл сезіммен ө ө ұ ұқ ғ құ қ байланыстыра абылдайды. мірдегі жа сылы , махаббат атаулыны негізі де осы қ Ө қ қ ң аяулы сезімінде.

М а али а амыз ж байыменұқ ғ ғ ұ

Жас кезі

Шы армашылы ығ ғ

Аққулар. . . Аңыз көп қой олар жайлы Көзіңмен көргендей бола алмайды. . . Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, шошыса, екінші рет оралмайды

М а али атында ы м ражайыұқ ғ ғ ұ

Баласы мен келіні

« Халы а хат » ққ Ту ан хал ым! ғ қ атемді кешір мені Қ ң Сені ар ан-сескенбей, есіргенім ң қ Егерде жыры болмай, ры болсам ң ұ ң Ала ан а саласы несін мені қ ғ ң Жо ! қ Мені ж рек емес т сімдегі ң ү ө Ол бір от сені лы к шіндегі ң ұ ө зі ні жандыр аным, шіргені Ө ң ң ғ ө ң зірге таста ан жо есім мені Ә ғ қ Уа, ж ртым! ұ Кешір мені! (М. Ма атаев) қ

А ынны бір ырық ң қ Дін- ылымны анасы, ғ ң Дін- ылымны кесі, ғ ң ә ылым-дінні баласы, Ғ ң о ыс та, г л де бар. Қ қ ү Адам Ата лмесін, ө А ыр заман келмесін. қ ол усырып дай а, Қ қ Құ ғ ылым мен дін, бірге бар! Ғ

image

Мұқағали Мақатаев – ақиық ақын

image

Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

image

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер болған. «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.

М.Мақатаев қаламынан “Қарлығашым, келдіңбе?”, “Дариға жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”, “Өмір-дастан” т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі – өлмес ғұмыры басталды.

Ақынның артында қалған мол мұрасы: “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен” т.б. жыр кітаптары, “Қош, махаббат!” атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.

image

Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл .

image

Ақынның жас кезі

image

Мұқағали

отбасымен бірге

image

Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік

image

Мұқағалидың Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі

Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы

Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге

Ақынның жары Лашын, қызы Алмагүл, ұлы Айбар

Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында

Мұқағалидың ұлы Жұлдыз және келіні

140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы

Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу салтанатында

Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай

Оцените статью
Рейтинг автора
4,8
Материал подготовил
Егор Новиков
Наш эксперт
Написано статей
127
А как считаете Вы?
Напишите в комментариях, что вы думаете – согласны
ли со статьей или есть что добавить?
Добавить комментарий